Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Көкшетауда да өрт қаупі жоғары деңгейде болады.
Түнде Алматы облысының тау бөктерінде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жаңбыр аралас қар) болуы ықтимал. Күндіз облыстың тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, батысында, шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Іле Алатауының тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Атырауда да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Түнде облыстың таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Таразда да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 4-6 қыркүйекте облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше деңгейде сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде, облыстың солтүстік-батысында жоғары деңгейде сақталады. Оралда өрт қаупі жоғары деңгейде.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді. Орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше деңгейде сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қызылордада да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі төтенше, орталығында жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда өрт қаупі төтенше деңгейде.
Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Шымкентте жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Түркістанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Ұлытау облысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупі төтенше деңгейде.
Осыған дейін Ақтауда 2,5 мыңнан астам ағаш жерсінбей қалғаны туралы жаздық.