Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
ВАК бірқатар шешімі бойынша мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді:
-ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін;
-ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін.
Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).
Еске сала кетсек, 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.