Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Strategy Partners ресейлік консалтингтік компаниясымен бірлесе тікелей шетелдік инвестиция тарту тұрғысында арнайы «жол картасын» әзірлеудің ілкі жобасы ретінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған ілкі жоба ағымдағы жылдың соңына дейін әзірленетін болады.
19:32, 03 Қараша 2010
Қазақстанда шетелдік тікелей инвестицияны тартуға негізделген «жол картасы» әзірленеді
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда шетелдік тікелей инвестицияны тартуға негізделген «жол картасы» әзірленеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Асылхан Серіков айтты.