«Ел заңнамасын бұзған шетелдіктерді мемлекет аумағынан шығару тәртібі қайта қаралып жатыр. Қазір бұл тәртіп өте күрделі. Шетелдіктерді шығарудың процесі тым ұзақ», - деді А. Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар ол шетелдіктерді тіркеу институтын қайтару мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Бұл өз кезегінде туристерге емес, Қазақстанда 30 күннен артық болғысы келетіндерге қатысты болады.
«Жаңа депортация институтын енгізу жоспарланған. Бұл тұрғыда заң талаптарын өрескел түрде бұзатындарды Қазақстан аумағынан жедел шығару қадамдары ескерілген», - деді комитет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл еліміздегі шетелдіктерге 1 млрд теңге айыппұл салынды.