Қазақстанда шөптің 80 пайыздан астамы дайындалды - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл, 5 тамызындағы жағдай бойынша 14,8 млн тонна шөп дайындалды, бұл жоспарланған көлемнің 81%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

«Ведомствоның мәліметінше, бұл 2015 жылдың 5 тамызындағы деңгейінен 205,8 мың тоннаға артық. Сондай-ақ, 397 мың тонна пішен, 14,1 мың тонна сүрлем, 478,5 мың тонна сабан дайындалды», - деп хабарлады Pm.kz.