Қазақстанда шұбат шығаратын кооператив құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда шұбат, ет, сүт және бал өндіретін кооперативтер құрылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов мәлім етті.

«ҚазАгро» басшысының айтуынша, Қазақстандағы кооперациялардың жақсы тәжірибесі ауыл шаруашылығындағы өзге салаларға оң ықпалын тигізіп, енді  сүт, ет, шұбат өндіретін кооперативтер құрылмақшы.

«2018 жылға дейін  сүт, ет, шұбат, бал, жүгері өндіретін кооперативтер құру жоспарланып отыр. Оларды Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры  қолдайды»,-деп хабарлады Н.Мәлелов.