«Біз Қазақстанда «Тальго» компаниясының вагондарын көрдік. Олар өте керемет жасалған, Ресейде мұндай вагондар жоқ. Бұл мәселеде Қазақстан Ресейдің алдын орап кетті десем де болады», - деді ол.
Дегенмен ол БАҚ өкілдерінің «Ресей қазақстандық вагондарды өз жерінде пайдалануға ниет танытып отырған жоқ па?» деген сауалға сырғытпа жауап берді.
«Біз бұл жерге көруге, тәжірибе бөлісуге және жақсы тәжірибе алуға келдік», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі жиынның қорытындысында Қазақстан, Беларусь және Ресей темір жолдары арасында жолаушылар тасымалдау қызметін көрсету саласындағы келісімге қол қою жоспарланған.