Қазақстанда «Шыршалар» атты жаңа ресейлік фильмнің көрсетілімі жүріп жатыр

АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Осы күндері Қазақстан бойынша «Шыршалар» атты жаңа комедиялық фильмнің көрсметілімі жүріп жатыр. Фильм Тимур Бекмамбетов пен ресейлік Дмитрий Киселев, Александр Войтинский, Игнас Йонинас, Александр Андрющенко, Ярослав Чеважевский сынды бірнеше режисердің еңбегі болып табылады.

Комедияда ресейлік кино мен шоу-бизнес жұлдыздары - Сергей Светлаков, Вера Брежнева, Иван Ургант, Артур Смольянинов, Никита Пресняков, Мария Порошина, кіші Александр Домогаров, Ольга Тумайкина, Сергей Гармаш, Виктор Вержбицкий және басқалар ойнайды.

Кино жарты сағаттық. Фильмде орыстар Жаңа жылдарын қыс ортасында Якутиямен бірге әр аймақтарында қалай қарсы алатындығы баян болады. Ал фильм кейіпкерлері болса, қызық оқиғаларды бастан кешіреді.