Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Қазақстан Республикасындағы SMM және МММ қызметтерін кәсіби жеткізушілердің ұлттық қауымдастығы» «Қазақстандағы SMM және МММ мамандарының бірінші конгресінің» құрамын құрып жатыр.
«Конгресс дегеніміз - қоғамдық тыңдалым түрінде өз қызметін жүзеге асырып жатқан, Қазақстан Республикасындағы SMM (Social Media Marketing) және МММ (Messenger Media Marketing) нарығының шешім қабылдайтын, өзін-өзі ұйымдастыратын және қатысушыларды үйлестіретін көпшілік орган», - делінген хабарламада.
Конгрестің міндеті - аталмыш қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін жария түрде білдіру, қорғау және үйлестіру.
Конгреске қатысты толық ақпаратты Facebook , Instagram парақшаларынан алуға болады.