Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен бирфинг барысында жобаны ұйымдастырушылар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жобаны «Ақпараттық бастама» қоры, «Түркістандық атқыш» тарихи-соғыс клубы және «Жалғас» мекемесі бірлесіп жүзеге асырмақ. Бұларға www.pobeda65.kz сайты да ақпараттық серіктес болып отыр.
"Жобаның мақсаты - қоғамды тарихи екінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі деректермен және оқиғалармен ақпараттандыру. Сондай-ақ осы соғыстан зардап шеккен жекелеген адамдар мен бүкіл бір елдің тағдыры жайлы мағлұматтар тарату» дейді «Ақпараттық бастама» қорының жетекшісі Михаил Тюнин.
Оның айтуынша, жоба барысында қазақстандық жастарды екінші дүние жүзілік соғыс оқиғалары мен адамдардың тағдыры жайында ақпараттандырып, Қазақстан, Ресей, Беларус жерлерін басып өтетін автошеру ұйымдастырылмақ.
«Бұнымен қатар тарихи соғыс кезіндегі бұйымдарды қалпына келтіріп мектеп оқушыларына таныстыра отырып ғаламтор сайттарында соғыс жайында ақпараттарды көптеп тарату керек. Шыны керек қазақстандық сайттарда Ұлы Отан соғысына байланысты мағлұматтар жоқтың қасы. Ресей сайттарында соғысқа байланысты ақпараттар көптеп кездеседі. Біз де ел қорғаған жауынгерлеріміз жайында мағлұматтарды көптеп берсек деген ойдамыз», дейді «Ақпараттық бастама» қорының жетекшісі Михаил Тюнин.