Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Елімізде асыл тұқымды және етті ірі қара мал басы өсіп жатыр. Мәселен, 2009 жылы еліміздегі асыл тұқымды етті малдың үлесі 1,9 пайызға жетпесе, бүгінде бұл көрсеткіш 14,6 пайызға өсіп отыр. Яғни, өсім 10 есені құрайды», - деді ол.
Министрдің сөзіне қарағанда, асыл тұқымды мал басы импорт есебінен ғана емес, сонымен бірге ел ішінде де малдың өсіп-өнуі арқылы көбейіп келеді.
«Мұнымен айналысу тиімді бола бастады. Егер, ертеректе біздегі тірі малдың 1 келі салмағы шамамен 400-500 теңгені құраса, бүгінде асыл тұқымды малдың тірі салмақтағы 1 келісі 1500 теңгені құрайды және бұл тиімді бизнеске айналып отыр. Адамдар мұны түсініп, асыл тұқымды мал басын қарқынды өсіре бастады»,- деді А.Мамытбеков.