Қазақстанда соңғы тәулікте пневмониядан 3 адам қаза тапты
09:15, 01 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 10 адамнан анықталды, 3 адам коронавирус пневмониясынан қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ коронавирус инфекциясынан 214 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап ауырғандар саны 49294 болды, 625 адам қаза болып, 42307 адам жазылып шықты.