Қазақстанда сот төрелігі әділдігін қамтамасыз ету жобасы жүзеге асырылады - Ж.Асанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Қазақстанда «Құқықтық қорғаудың басты критерийі - әділдік» жобасының басталғанын жария етті.

Оның атап өтуінше, бұл жоба сот төрелігі әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Біз Жоғары сотпен бірге «Құқықтық қорғаудың басты критерийі - әділдік» Барлық заңдарға мониторинг жасайтын боламыз. Басты мақсат  түрлі алаяқтыққа жол беретін және судьялардың әділетсіз шешім шығаруына түрткі болатын нормаларды тауып, жою», - деді Бас прокурор.

Оның атап өтуінше, мұндай жүйе - кінәсіз адамдар мен бизнестің зардап шегуіне себеп болатын заңнамадағы олқылықтарды жоюға септігін тигізетін болады. Қазіргі уақытта прокуратура мен сотта нақты жоспар бар және жобамен судьялар, адвокаттар, нотариустар және прокурорлар жұмыс істеп жатыр.

«Көптеген шаралар заңнамалық сипатқа ие. Сондықтан Әділет министрлігінің көмегі қажет. Біз барлық істердің тең жартысына жуығын құрайтын даулардың үш санатына сараптама жасаймыз», - деді Ж.Асанов.