Қазақстанда сотталушыны ақтап шығарушы үкімдер 4 есеге көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сотталушыны ақтап шығарушы үкімдер 4 есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың алғашқы 6 айында 28 үкім сотталушыны ақтап шығарса, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында - 101-ге жетті. Бұл - жеке айыптау істерін қоспағандағы көрсеткіштер. Сонымен бірге, бұрын ауырлығы орташа істер ақталса, қазір ауыр және ерекше ауыр қылмыстар бойынша да ақтаулар көбейген», - деп жазды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, соңғы екі аптада қылмыстық істер бойынша кассацияда 27 іс қаралған. Оның төртеуі бойынша ақтау үкімдері шығарылған.