Бас прокуратура өкілінің айтуына қарағанда, түрмеден босап шыққандардың қайта қылмысқа ұрыну қаупі бостандықтағы алғашқы күндері өте жоғары болып табылады.
«Сондықтан да, оларға қатысты «Қақпадан күтіп алу» жобасын жүзеге асырып, бейімдеу орталықтарына оларды орналастырған дұрыс. Бұл ретте сотталып шыққандар тұрғылықты мекен жайы жоқ тұлғаларға арналған бейімдеу орталықтарына барып орналаса алады. Ондай орталықтар республикамыздың 22 қаласында бар, алайда түрмеден шыққандар ол жерлерге бара бермейді. Осы үшін біз оларға арнап типтік жол картасын әзірлегенбіз. Бұл карта облыстар бойынша нақты мәліметтерді қамти отырып, қайда бару керек, қайда түнесе болады, құжаттарды қайтып қалпына келтіру керек, жұмысты қайдан табуға болады, мемлекеттен қандай қызметтер алуға болады деген сауалдарға жауап ала алады. Бұған қоса, оларға өздерінің алдағы өмірлерін жоспарлау, алға қойған мақсаттарына қол жеткізу бойынша кеңестер де беріледі», - дейді Ж. Асанов.
Бұдан бөлек, Бас прокурор орынбасары сотталып шыққандар үшін әлеуметтендірудің заманауи құрылымын құру қажеттігін алға тартады. Оның айтуынша, КСРО кезінде «өтпелі баспаналар» болған. Бұндай үйлерді Ұлыбританияда «үйге барар жолдағы үйлер» деп те атаған.
«Ондай нысандар құруға қазынадан қаражаттың қажеттілігі де шамалы. Мәселен, бүгін қаңырап тұрған қоныс-колониялар бар, түрмеде отырғандардың босап шығуына 6-12 ай қалғанда соған ауыстыру керек. Осы арқылы олар бостандыққа шыққанша қоғамға бейімделе беретін еді», - деді ол.