Қазақстанда спиртті ішімдіктер қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қаулысымен 2018 жылы спиртті ішімдіктердің бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, 1 литр арақтың және өткір ликер-арақ өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 2018 жылы 1 900 теңге етіп белгіленді.

Аталған қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Қаулының толық мәтіні ресми БАҚ-та жарияланды.

Фото: ria.ru