«Бізде халықпен жұмыс жасайтын спорт нұсқаушылары жетіспейді. Сонымен қатар елде спорт комментаторларын даярлау саласында кәсіби стандарттар жасалуда. Мәселе шешімін табуда, Білім және ғылым министрлігіне тиісті ұсыныс жасалды, болашақта олар аталмыш мамандарды даярлауды қолға алады. Спорт комментаторлары бойынша ұсынысты БҒМ-ге келесі жылы жібереміз», - деді ол.
16:53, 05 Тамыз 2014
Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда спорт комментаторларын даярлау жолға қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.