Қазақстанда спортшылардың Олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалады
«Алдағы апталарда ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті республикалық федерациялармен әрі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе Олимпиадада ұлттық құрама командалардың нәтижесі мен дайындығына қатысты талдау жұмысын жүргізеді. 10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары Олимпиада ойындарына қатысу бойынша тыңғылықты есепті ұсынады. Онда спортшылардың сәтті немесе нәтижесіз өнер көрсетуі мәселесіне қатысты талдау болады. Қыркүйектің соңына қарай біз соңғы қорытындыны шығарамыз. Осыдан кейін қателіктерді түзету мен келесі олимпиадалық циклге дайындық жұмыстары басталады», - деді ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның пайымынша, Токиоға жақсы команда барды.
«Нәтижеге қарамастан, біздің спортшылардың әрқайсысымен мақтан тұтамыз. Олар пандамия жағдайында дайындықтың қиын кезеңін еңсерді. Оларға дейін ешкім де осындай ахуалға тап болмады», - деді Андрей Крюков.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бокстан ҚР құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев Олимпидадағы боксшылардың өнеріне баға берді.
Осы орайда ол спортшыларда өте нашар көрсеткіш болғанын айтты.