Қазақстанда статистикалық міндетті есептемелердің барлық түрі бекітіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда статистикалық міндетті есептемелердің барлық түрі бекітіледі. Бұл туралы бүгін «Мемлекет пен бизнес серіктестігі экономиканы жаңғырту негізі ретінде» атты конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз статистикалық құралдардың кез келген кеңеюі қозғауды автоматты реттеуді енгізгеннен кейін және нормативтік-құқықтық актілерге қосылғаннан соң ғана мүмкін болады деп бекіттік.  Яғни, біздің министрліктің бұйрығы болады. Онда статистикалық міндетті есептемелердің барлық түрі бекітіледі. Ал одан тыс талап ету мүмкін емес», - деді министр.

Оның айтуынша, ақпараттық құралдардың тізілімі заңнамалық түрде бекітіледі. Ал аталған тізілімді толықтыруға тек реттеушілік әсер ететін талдау жүргізілгеннен кейін және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия мақұлдағаннан кейін ғана болады. Осылайша, барлық ақпараттық құралдар және оларды ұсыну тәртібі нақты регламенттелетін болады, ал олардың санын реформаның алғашқы кезеңінде ғана 30 пайызға (бүгін 1600-ден астам ақпараттық құралдар) қысқарту жоспарланып отыр. Кейін оларды ұсыну процестерін автоматтандыру мүмкіндігін пысықтау жоспарланған.