Қазақстанда студенттер жатақханасы мәселесі толық шешілді ме

АСТАНА. KAZINFORM – Екі жылда Алматыдағы студенттер жатақханасы бойынша тапшылық мәселесі шешіледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Фото: ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттік

- Жатақханаларға тоқталсақ, бұл тұрғыда елеулі нәтиже бар. Соңғы 7 жылдың ішінде 281 жатақхана іске қосылды, 72 мыңнан астам төсек-орын берілді. Жатақхана тапшылығы мәселесін жаптық деп айтуға болады. Дегенмен, қазіргі кезде Алматы қаласында 5 мыңнан астам тапшылық бар, - деді С. Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, келесі бір-екі жылдың ішінде осы тапшылық мәселесі толықтай шешіледі.

Айта кетейік, бұған дейін өрт қауіпсіздігі айлығы аяында бірінші кезекте студенттер жатақханалары тексерілетіні мәлім болды.