«Қазіргі уақытқа дейін студентітк спортты дамытуға жеткілікті көңіл аударылып отырған жоқ. Дамыған шетелдік мемлекеттерде дәл осы университеттік спорт есебінен кәсіби клубтар мен ұлттық командалар жасақталады», - деді Г.Әбдіқалықова. Оның атап өтуінше, университеттік спортты дамытудағы кемшіліктер еліміздің ұлттық құрама командасы үшін спорттық резерв дайындауға теріс әсер етуде. «Осыған орай агенттіккке ҚР Білім және ғылыми министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп спортын дамыту, техникалық, кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарында студенттік спорттық секциялар, клубтар желісін кеңейту мәселелерін қарастыру қажет», - деді вице-премьер.
17:07, 03 Наурыз 2014
Қазақстанда студенттік спортқа жеткілікті көңіл бөлініп отырған жоқ - Вице-премьер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда студенттік спортқа жеткілікті көңіл бөлініп отырған жоқ. Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттінің алқа мәжілісінде ҚР Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.