«Ол үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында Су ресурстары және су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-талдау орталығы құрылатын болады», - деді Досбол Бекмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
Маманның айтуынша, аталған шараларды қабылдау еліміздің су саласының жағдайын едәуір жақсартуға және Қазақстанның су қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Досбол Бекмағамбетов Су ресурстары комитетінің штат санын көбейтуді ұсынған еді.
Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр.