Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте БҰҰ Даму бағдарламасы Энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Станислав Ким мәлім етті.
«Бағдарламаға қандай да бір елді мекендерді сумен жабдықтау мақсаты қойылып отырған жоқ. Бұл Қазақстандық қоғамдық ұйымдары, ауылдық қоғамдастықтар арасындағы гранттық байқау болмақ. Олар өтінім беріп, бір жобаға 150 мың долларға дейін қаржы ала алады. Бұл қандай да бір елді мекен болуы да мүмкін. Яғни, сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру, құбырын тарту сияқты мәселелерді қамтиды. Бұған қоса, білім беру жобаларына да қаржы беріледі. Мұның барлығы да конкурс арқылы шешіледі. Жақсы идеялар болса, жобалар саны да арта түседі», - деді ол.
Сонымен қатар осы баспасөз мәслихатына қатысқан Coca-Cola компаниясының үкіметтік және қоғамдық байланыс жөніндегі менеджері Олег Пилецкий аталған бағдарлама аясында Алматы және Ақмола облыстарының елді мекендерінде ауыз су беру жүйесін қалпына келтіруге бағытталған жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты.