Комитет басшысы Ислам Әбішевтің айтуынша, ведомство бүгінде әкімдіктермен бірлесіп, жерлердің жарамдылығын бағалау, су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру үшін алдын ала естептеу жұмыстарын жүргізген.
«Ағымдағы жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мың гектар алқапта суару жүйелері қайта қалпына келтіріледі», - деді ол.
Жалпы, Алматы мен Қызылорда облыстары жыл сайын су ресурстарының тапшылығын бастан кешіруде. Бұл мәселені шешу үшін комитет екі текше шақырымнан астам су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей ұсынысты жүзеге асыруға кірісіп кеткен.