Қазақстанда сұраныс төмен мамандықтар тізімі жарияланды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еңбек сарапшылары елімізде аз сұранысқа ие мамандықтарды атады. Соның ішінде заңгерлерге сұраныс жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Еңбек ресурстарындамыту орталығы сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың 6 айының қорытындысыбойынша еңбек нарығында заңгерлердің 3,6 мыңға жуық түйіндемесі талап етілмегенкүйінде қалды. Айта кету керек, жарты жылда электронды еңбек биржасында барлығы1 221 заңгерге бос жұмыс орны орналастырылған. Алайда, 4 818 адам осы саладажұмыс іздеген.

Сондай-ақ, төменсұранысқа ие мамандықтар бестігіне, әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астамтүйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер техниктері (1,5 мың) және кеңсе қызметшілері(шамамен 1,5 мың) кірді.

Жоғары сұранысқа экономистер,шаштараздар, қаржыгерлер, тігіншілер мен техник-технологтар кірді.

Сонымен қатар, 2019жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер тарапынан төмендегі мамандықтарыбар жұмыс іздеушілердің түйіндемесі аз сұранысқа ие болды: сатушы-консультант,дене шынықтыру және спорт мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (ортамектеп), маникюр шебері, бухгалтер, кондитер, жылу қазандығы операторы,бастауыш сынып мұғалімі, бухгалтерлік қызметші, эколог, заңгер-кеңесші,инженер-экономист, техник-механик, педагог (бастауыш мектеп), визажист.