Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды
Атап айтқанда, қаңтар-қарашада Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің алғашқы бестігінің көшін Lada (8280 көлік) бастап тұр. Содан кейінгі орындарда Hyundai (1812), KIA (1729 ), Chevrolet (1282 ) және JAC (656 ) көліктері. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізіміне сонымен бірге Ravon (579 көлік), Skoda (289), SsangYong (280), Peugeot (192 ) мен Geely (27) енді.
Бұдан бөлек, жергілікті өндірістегі жеңіл көліктер сатылымының рейтингінде Lada брендінің модельдері бірінші орынға шықты. Осы орайда Lada 4x4 (3616), Lada Granta (1540) және Lada Largus (1500) модельдері көп сатылған. Сонымен қатар қазақстандықтар арасында танымал модельдер тізімін Hyundai Elantra (823), Lada Vesta (818), Hyundai Tucson (769), Ravon Nexia (579), JAC S3 (451), Lada XRAY (446) мен Chevrolet Tracker (428) толықтырды.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, қаңтар-қарашада 1 374 автокөлікті жеңілдікті автонесие бағдарламасына қатысқандар алған. Олардың үлесіне жергілікті өндірістегі жеңіл көліктер сатылымының 8,1 пайызы тиесілі болды.
Есепті кезеңде 1 187 көлік Қытай, Ресей, Беларусь пен Тәжікстанға экспортқа жіберілді.
Бүгінгі таңда жеңіл автокөліктерді шығару деңгейі 3,1 есеге артып, 14 585-ке жетіп отыр. Оның ішінде 10 478-і «АЗИЯ АВТО» АҚ-ға тиесілі болса, ал 4 107-сін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС шығарды.