«Анықтамалардың елеулі көлемі соттылығына байланысты сұралады. Ұсынылып отырған шаралардың бірі осындай анықтамаларды шектеуге байланысты болуда, себебі балалармен жұмыс істеуге қатысты емес мамандықтар баршылық және осы жұмыстарға бұрынғы соттылығының болуы туралы білудің қажеттілігі жоқ», - деді С.Мектепбаева. Сарапшының пайымынша, бүгінде басты мақсат - бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың екінші мәрте түрмеге оралмауы үшін тиісті жағдай жасау. Бұл тұрғыда басты талап жұмыспен қамтуға байланысты болып отыр. Көбінесе жұмыс берушілер бұрын сотталғандарды жұмысқа қабылдамай жатады. «Соттылық институты - бұл «кеңестік» құқықтық институт. Батыстық жүйелерде ондай жоқ. Бұл мәліметтер әрдайым құпия болады және ол мәліметтер қандай да бір ерекше мамандықтар тұрғысында сұралады, яғни педагог, дәрігерлерге қатысты болған жағдайда талап етіледі. Алайда біліктілік жұмысына байланысты болмаса, онда аталған мәліметтерді тексеруде қажеттілік жоқ», - дейді С.Мектепбаева.
14:15, 10 Желтоқсан 2015
Қазақстанда сұрау бойынша сотталғандығы туралы мәлімет беруді шектеу ұсынылып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сұрау бойынша сотталғандығы туралы мәлімет беруді шектеу ұсынылып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстанда сот реформасын қолдау жөніндегі жобаның сарапшысы Сәуле Мектепбаева айтты.