АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі ішкі нарықта сұйытылған газды көтерме саудалаудың шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2018 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудалаудың салық пен қосымша құнды есепке алмағанда бір тоннасы 38 701,67 (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиын) көлеміндегі шекті бағасы бекітілсін», - делінген министр бұйрығында.
Бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.