«2014 жылы бізде тіркеліп, бекітілген желілер 4 млн. болған еді, бүгінде 3 млн. 870 мыңды құрап отыр. Яғни біршама қысқарды. Бұл жаһандық үдеріс бізге де келді. Бұл тұрғыда айтарымыз, халық ішінара тек ұялы байланысты ғана пайдалануға көшуде», - деді Б.Маханбетажиев. Сонымен қатар ол бекітілген кең жолақты интернеттің абоненттері саны да қысқарып келе жатқанын жеткізді. «Егер де 2014 жылы 1,5 млн. абонент болса, 2015 жылдың қорытындысы бойынша біз бекітілген кең жолақты интернеттің абоненттерінің біршама төмендеу болады деп болжап отырмыз. Себебі интернетті пайдаланудың құрылымы өзгеруде. Азаматтардың мобильді интернетті пайдалану үлесі артып келеді», - деді ол. Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда ұялы байланыс пен мобильді интернет абоненттерінің саны артып келеді.
18:38, 22 Желтоқсан 2015
Қазақстанда сымды телефон байланысының абоненттері азайып келе жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сымды телефон байланысының абоненттері азайып келе жатыр. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетажиев мәлім етті.