Қазақстанда табиғи газ және түсті металдар кендерінің өндірісі ұлғайды - ҚР ҰЭМ
14:55, 12 Тамыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы қаңтар-шілдеде 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Өнеркәсіптік өнімдерінің нақты көлем индексі 98,6% құрады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 10 өңірінде байқалды.
Бұдан өзге, тамақ өнімдерінің, фармацевтика, металлургия өнеркәсібі және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады, деп хабарлайды pm.kz.