«Заңға Мемлекет басшысы 5 мамырда қол қойды. Жақында баспасөзде шықты. Күшiне 10 күннен соң енедi. Заң күшiне енгеннен кейiн бiрқатар мақсаттарға қол жеткiзiледi. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң алдында әкiмшiлiк кедергiлер азаяды. Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңнамада көрсетiлген инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуын және өзге де талаптарды күшейтемiз», - дейдi Р.Ахметов.
Оның сөзiне қарағанда, заңда бақылаушы орган мен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн ашық етуге бағытталған бiрқатар нормалар бар. Бизнеске салынатын әкiмшiлiк кедергiлер кемидi, аз қуатты табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзiмi кеңейтiлдi.