«Агенттік несие бойынша 90 күннен астам мерзімде өтемеген адамдарға кепілсіз тұтыну несиесін беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі», - деді Мәдина Әбілқасымова парламенттік тыңдауда.
Оның айтуынша, қазір мұндай шектеу табысы ең төменгі жалақыдан аз қарыз алушыларға ғана қатысты.
«Сонымен қатар, жастар арасында проблемалы қарыздың өсуін ескере отырып, 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру тек ресми табысы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады деген талапты енгізу ұсынылып отыр», - деді агенттік басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, проблемалы кредитті коллекторлық ұйымдарға сатуға тыйым салынады.