Қазақстанда «Таблиғи жамағат» ұйымына тыйым салынды

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты халықаралық «Таблиғи жамағат» ұйымын экстремистік деп танып, Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салды. Бұл туралы  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, qamshy.kz сайты хабарлайды.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, сот шешімі аталған ұйымның «экстремистік бағыттағы» іс-әрекеттері туралы қолда бар материалдар негізінде шыққан. Ұйымның Ресейде, Өзбекстан және Тәжікстанда да экстремистік деп танылып, тыйым салынғаны да есепке алынған.