Қазақстанда табысты бизнесті қалай құруға болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - NUR.KZ IT-компаниясының HR-директоры Мария Карчевская қазақстандық нарықта табысты бизнес құру үшін 5 негізгі критерийлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның басты құндылығы - адамдар

«Компанияның бастыпроцестерінің бірі қызметкерлерді іріктеу және жалдау болып табылады. Біздіңкомпания лауазымға тағайындау алдында үміткерді көп кезеңді іріктеуденөткізеді, кейін оның бейімделу үрдісі басталады. Басшылар менHR-департамент бұл процеске көп уақыт пен күш жұмсауы керек, өйткеніқызметкерді жалдау кезіндегі жіберілген қате сіздің бизнесіңізге өте қымбатқасоғуы мүмкін».

Мансаптық өсу мүмкіндіктері

«Қызметкерлердің компаниямен бірге өскені жақсы. Біздеай сайын барлық ұжым жиналысы өтеді, онда қандай да бір қызметкердің жоғарылауытуралы жиі естуге болады. Жаңадан келгендер үшін бұл үлкен рөл атқарады,өйткені олар әріптестерінің мансаптық өсуін айқын көріп, »бізде мансаптықөсу мүмкін« дегенфразаны естіп қана қоймай, өз көздерімен көреді».

Қызметкерлердің дамуы - бизнес үшін ілгерілеу

«Үлкен компаниялардың қызметкерлері өздерінің әріптестеріментәжірибе бөлісуі өтемаңызды. Бізде қызметкерлердің жұмыспен, дамумен немесе оқылған кітаптарменбайланысты тақырыптарға шағын таныстырылымдарда сөз сөйлеу тәжірибесібар. Біз бұліс-шараларды баяндамалар деп атаймыз. Баяндамалар кез келген адам өз ой-өрісінкеңейтіп, басқа бөлімдердің жұмысы туралы жаңа нәрсе білу үшін дамытушы сипатқаие. Баяндамалардың арқасында көптеген қызметкерлер нарықта пайда болатын барлықтрендтер мен жаңалықтарды біледі».

Қолайлы іскерлік ахуал жасау

«Барлық жердедаулы жағдайлар болып жатады. »Ыстық аймақтарды« тауып, туындағанмәселелерді шешу өте маңызды. Әрқашанда түбегейлі бірдеңені өзгерту қажеттілігіжоқ, көбінесе қызметкер жай ғана ішіндегісін айтуы керек. Мен әрдайым былай депайтамын және осығансенемін:жаман адамдар жоқ, жай ғана жағдайды түсініп, жанжалдың себептерін анықтаукерек. Қандай өткір жағдайлар болмасын, адамдармен адамгершілік қарым-қатынастаболу керек.


Түсіндіру әңгімелері,тәртіптік жазалар және сөгіс уақыты өтті. Осы аспектілерде мәселелерді кәсібитүрде шешу керек. Біздің компания қызметкерлеріжұмыс уақытын өздері реттейді және өз жұмыстарына жауапкершілікті өз мойындарына алады. Мұндай тәсілдің арқасында үлкен команданыңәрбір мүшесі өз міндеттерімен шұғылданады және кеңседе әрдайым жақсы атмосфера».

Жұмыс жасауға жайлы жағдай

«Біздің компаниядаорнатылған дресс-код жоқ, негізгі қағида - ақылдылық. Егер сату менеджері клиентпенкездесу өткізсе, ол қалай көрінуі керек екенін өзі түсінеді.

Жұмыс кестесіқызметкерлердің көпшілігі үшін өзгермелі. Әрине, департаменттер бар, мысалы, редакция бөлімінде кесте өзгермелі. Басқабөлімдердің қызметкерлері өзіне ыңғайлы кестені таңдай алады: 8:00-ден 17:00-ге дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін немесе 10:00-ден 19:00-ге дейін.


Бізде заманауи кеңсебар. Open-space пішімінің алаңы үлкен артықшылықтарға ие. Біріншіден, барлығы көрініп тұрады. Сен кім және неменайналысатынын көре аласың. Екіншіден, қызметкерлер арасында коммуникациядапроблемалар туындамайды, бұл үлкен компанияда өте маңызды. Кеңседе теннис үстелібар, онда спорт сүйетін балалар жиі жиналады. Кейбіреулер тамаққа тапсырысберіп, ас үйде уақыт өткізеді, басқалары бос уақытын кітап оқуға арнауы мүмкін. Біздебарлығымыз мүдделерді түйістіруге және байлауға мақсат жоқ. Біз адамдардың босуақытын тиімді өткізуге жағдай жасаймыз.

Компанияда 3 айдан астам уақыт жұмыс істеген қызметкерлергефитнес-орталықтар мен бассейндерге абонементтер, концерттер мен фильмкөрсетілімдеріне билет ұсынамыз. Осының арқасында біздің командамыздың көпбөлігі үнемі фитнеспен айналысып, өзінің сырт келбетіне күтім жасайды».



Соңғы жаңалықтар