Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, сауығып шыққан азаматтардың 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 9-ы Алматы қаласы, тағы 2-еуі Алматы облысында тұрады.
«Індетті жеңгендердің 1-еуі Шығыс Қазақстан облысының, 3-еуі Қарағандының, 1-еуі Қостанай облысының, 1-еуі Қызылорда аймағының, 2-еуі Маңғыстау облысының тұрғындары. Павлодарлық 2, Солтүстік Қазақстан облысынан 1 адам емделіп шықты. Жалпы, Қазақстан бойынша 1 290 785 тұрғын науқастан айықты», - делінген хабарламада.