Қазақстанда тағы екі медбике науқастардан коронавирус жұқтырып алды
10:48, 31 Наурыз 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда екі медбике науқастардан коронавирус инфекциясын жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жедел штабтың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің инфекцияны жұқтырып алуына иммунитеттерінің төмендеуі себеп болып отыр.