«Біз болашақта таланттарды басқару жүйесін құруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, Францияда әрбір мектептің директоры немесе аудандық буындағы мемлекеттік органның жетекшісі елдің сәйкесінше министрлігіне өзінде ерекше назар аударуды қажет ететін дарынды жастың жұмыс істейтіндігін хабарлауға міндетті», - деді ол.
Жалпы агенттік басшысының атап өтуінше, өткен жылдан елімізде персоналдарды басқарудың бірыңғай қызметі құрылған. Соның нәтижесінде аудандық деңгейде персоналды басқару қызметтерін кәсібилендірудің институционалды негізі қаланды. Бірыңғай конкурстық комиссиялар жұмыс істей бастады.
«Бірыңғай конкурстық комиссиялардың арқасында ауылдық және аудандық деңгейде «әлеуметтік лифт» жаңаша жұмыс істей бастады. Ол конкурстың әлеуетті қатысушыларының географиясын кеңейтіп, көзге түсуіне мүмкіндік берді. Мәселен, ауылдық жерде жұмыс істейтін адамның аудандық деңгейде де жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсетті», - деді Ә.Байменов.