Қазақстанда тау-кен саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 89 жоба жүзеге асырылады
Комитет төрағасының айтуынша 14 жобаның республикалық, 22 жобаның аймақтық маңызы бар. 23-і әлеуеті зор жобалар болса, 30-ы қарапайым жоба. Бұларды жүзеге асыруға қажетті қаржының жалпы көлемі 1 151 400 миллион теңге. Оның 2 145 миллион теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, 1 148 985 миллион теңге кәсіпорындардың жеке қаржысы. Жалпы жоба барысында 16 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. «Жобаның басты мақсаты машина жасау, құрылыс индустриясы және өндірістің экспортқа негізделген басқа да салаларды қамтамасыз ететін металл өндірісін қалыптастыру. Бағдарламаның міндеттері бәсекеге қабілетті терең өңдеуші кәсіпорындарды қалыптастыру, қазіргі бар кәсіпорындарды жаңарту, минералдық шиткізатты кешенді өңдеу және инновациялық үрдерісті дамыту үшін ғылыми-техникалық үдеріске қосу, мамандар санын арттыру» дейді А.Таспихов.
Республикалық кен өндіру және кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директорының орынбасары Төлеген Мұқановтың айтуынша тау-кен саласындағы компаниялар қазіргі кезде жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. «ҚазЦинк» ЖШС-нің Өскемендегі металлургиялық кешені аясында мыс балқыту және элоктролиз зауытының құрылысы, «УК ТМК» АҚ-ның титан кесінділері мен ерітінділері зауыты, «КЭЗ» АҚ-ның алюминиді бірінші кезекті өңдеуге арналған элоктролиз зауыты жобаның алғашқы қарлығаштары» деді Т.Мұқанов.