Қазақстанда тау шаңғысы курорттары бір аспалы жолмен байланыстырылады
«Ең алдымен Алматы облысында тау шаңғы спортын дамытамыз. Қазір Шымбұлақта адам өте көп. Оның жанында Табаған бар. Орман ертегісі деген жерден тау шаңғысына арналған тағы бір курорт салынып жатыр. Талғар ауданында Ақбұлақ бар. Біздің ендігі мақсатымыз - олардың барлығын бір аспалы жолмен біріктіру», - деді министр.
Оның айтуынша, Алматы облысындағы тау шаңғысы курортына демалуға келген адамдар жол машақатын тартып жатады. Мәселен, Шымбұлаққа бару үшін бүкіл қаланы басып өтіп, Медеуге барып, одан кейін ғана діттеген жеріне жетеді.
«Ал енді әуежайға келген адам 10 шақырым жердегі Бесқарағайға немесе Ақбұлаққа барады. Ол жерде қонақүй, барлығы орналасады. Одан кейін аспалы жолға отырып Шымбұлаққа, Табағанға бара алады. Қазір тау шаңғысы үшін Оңтүстік Корея мен Еуропадан өте көп адам Алматыға келеді. Алатау біздің жұмағымыз десек те болады, әппақ қар бар, күн жарқырап тұрады. Басқа елдерге барсаң суық», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.