Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге салынған тыйым қатаң бақыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге салынған тыйым қатаң түрде бақыланатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов айтты.

«Қазақстанда тауарлар мен қызмет бағаларын доллармен, яғни «шартты бірлікпен» көрсетуге салынған тыйымға байланысты жұмыс жүргізіледі. Және бұл жұмыстар қатаң түрде бақыланатын болады», - деді С.Оспанов. Оның айтуынша, бұл үшін ҚР Заңында қажетті нормалар қарастырылған.