«Қазіргі уақытта тәуекелдерді басқару жүйесі бөлшектенген, барлық органдардың өздерінің жүйесі бар. Қазақстан Республикасында тәуекелдерді басқарудың бірыңғай жүйесінің болмауы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау іс-шараларын тиімсіз жоспарлау мен еңбек қаржы ресурстарын тиімсіз қолдануға әкеледі», - деді ол.
А.Мурзиннің айтуынша, қазіргі уақытта 2014-2016 жылдарға арналған салық түсімдері болжамының сценарийі әзірленген. Алматы мен Қызылорда облыстарын үлгі ретінде ала отырып, салық әлеуметін бағалаудың әдістемелік нұсқаулығы жобасы бейімделген. «Қазақстанда салық әлеуеті көрсеткішін енгізу бюджетаралық қатынастарды реттеудің жаңа әдісін ұсынуға, салық қатынастарын жетілдіруге және республикалық пен жергілі бюджетке салық түсімдерін барынша нақты болжауға мүмкіндік береді», - деді орталық басшысы.