Оны Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев бүгін Алматыда өз жұмысын бастаған "Жаңа ақпараттық-коммуникациялық ортада қазіргі заман оқулығын дайындаудың және оқу кітабын басып шығарудың өзекті мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Тәуелсіздік жылдары техникалық салаларда, әсіресе оқулықтар жазуда үлкен тәжірибе жинақтадық. Кеңестік кезеңде мектеп саласындағы жаратылыстану бағытындағы оқулықтардың барлығы Мәскеуде дайындалатын. Негізінен қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы сияқты пәндерден ғана оқулықтар жазып келдік. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде үлкен міндет жүктелінді. Осы кезеңде көптеген қиындықтарға кездестік. Тарих үшін 17-18 жыл көп уақыт емес. Осы кезеңде біздің авторларымыз, ғалымдарымыз, ұстаздармыз бірігіп жаңа тұрпатты оқулықтар жазуға, түрлі салалар бойынша оқулықтар дайындауға белсене атсалысты", дейді Жансейіт Түймебаев. Әрине, осы қысқа уақыттың ішінде толыққанды, жан-жақты оқулықтар шығару оңай емес. Білім және ғылым министрлігінде қоғамдық пікір мен баспасөздегі сынға сәйкес оқулық шығарудың тәртібі, мазмұны мен оған сараптама жасау мәселелері қатты қадағалануда.