«Тәуелсіздік жылдарында елімізде 6 миллионнан астам адам дүниеге келді және табиғи өсім 3 миллионға жуық болды», - деді ол.
Ә.Смайыловтың атап өтуінше, ел Тәуелсіздігінің алғашқы 8 жылында, мың адамға 14,6 адамға дейін туу төмендеген. Ал одан кейінгі жылдары оның бірте-бірте артуы байқалған. 2012 жылдың 10 айында туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,1-ді құраған. 1995-1996 жылдары өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 10,7-ні құрап, ең жоғары шегіне жеткен. 1997 жылдан бастап өлім-жітім бірте-бірте төмендеп, ағымдағы жылдың 10 айында оның жалпы коффициенті мың адамға 8,6-ны құраған.