«Қазір елімізде бір күнде миллионға жуық маска шығарылуда. Оның 70% – тігін фабрикалары, 30% – фармацевтикалық компаниялар тігуде. Әдейі алыпсатарлық әрекеттер жасалмаса, маска тапшылығы болмауы керек. Оған елімізде өндіріс қуат толықтай жетеді», - деді министр.
17:09, 29 Наурыз 2020
Қазақстанда тәулігіне бір миллионға жуық маска шығарылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде шығарылатын медициналық масканың 70%-ын тігін фабрикалары, ал 30%-ын фармацевтикалық компаниялар тігуде. Бұл туралы Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.