Қазақстанда тауық саңғырығынан биогаз өндіретін зауыт ашылмақ
«Биогаз қондырғысына келетін болсақ, ауылдардың бірінде «Биотек» ЖШС биогаз өндіретін қондырғыны салуда. Желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Инвестиция 1 млрд. теңге салынды. Тауық көңінен газ, электр энергиясы шығарылады, ол қондырғы жылына шамамен 600 млн. кВт энегрия мен 9,6 мың текше метр газ өндіреді», - деп атап өтті Ж. Сәдуақасов.
Сонымен қатар басқарма басшысының айтуынша, облыста авиациялық зауыт салу көзделген.
«Қызылжаринвест-2016» форумы шеңберінде біз қазақстандық авиациялық зауыты мен Бериев атындағы Таганрог ғылыми-теxникалық кешенімен келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта ұшақтарды құрастыру бойынша теxникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда. Қараша айында ресейлік тараптан біздің облысқа теxникалық ұжым келеді, сол кезде нақты осы сұрақты пысықтайтын боламыз», - деді ол.