Қазақстанда Tax free жүйесі сынақтан өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы Esentai Mall сауда орталығында Tax free жүйесі сынақтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралыҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталықкоммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Екіншіжарты жылдықта Tax free жүйесін енгізу бойынша сынақты бастаймыз. Бұл жүйе елімізге туристердің көптеп келуіне ықпалжасайды деген сенімдеміз. Сол үшін бұл жобаны тек бір сату орнында ғана бастапкөреміз. Esentai Mall сауда орталығында жыл аяғына дейін енгізіледі. Бұлжүйенің резидент емес тұлғаларға ғана қатысы бар. Елімізге келген турист тауар сатып алды дейік. Ел аумағынан шығар кезде ол сатып алғантауары экспортқа теңестіріледі. Сондықтан, біз оларға қосымша құн салығыныңмөлшерін қайтарып беруіміз керек. Бұлжерде шетелдіктің сатып алған тауары ірі көлемді болуы маңызды емес. Кез келгентауардың қосымша құн салығы қайтарып беріледі», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар