АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрылыс және жөндеу жұмыстары саласында ғана шығыстарды оңтайландырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Әлемдегі экономикалық дағдарысқа байланысты көптеген жерлерде қаржыны оңтайландыру жүріп жатыр. Мәдениет саласында негізінен құрылыс пен жөндеу бағытында үнемделуде. Атап айтқанда, репертуарға, спектакльдерді қоюға, шығармаларды жазуға, әлеуметтік бағдарламалар бойынша кітаптарды басып шығаруда қаржыландыру өзгерген жоқ»,-деді министр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.