Қазақстанда техноқала ашылады – министр

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде техноқала салынады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті. 

– Әзірге құпия. Қазір біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Шет жағасын естідіңіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев техноқала ашу туралы айтқан болатын. Оның ішінде не болатынын, өзге де қосымша ақпараттарды Үкімет жақында жариялайды, - деп қысқа қайырды Серік Жұманғарин Kazinform агенттігінің BIZDIÑ ORTA подкастына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 9 сәуірде Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Салық кодексінің жаңа жобасы бойынша салық есебін тапсыратындар саны 30 пайызға қысқарады.

Еске салсақ, қосылған құн салығы салынатын айналымның төменгі шегі 40 млн теңге болады.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өсетін салаларды атады.