«Біздің комитет жұмысында заңдылық, тексерулер жүргізудің ашықтығы, негізсіз тексерулердің алдын алу басымдықты мақсаттардың бірі болып табылады. Осы бағыттағы саланы жетілдіру бойынша ҚР Президентінің, Бас прокурордың тапсырмаларына сәйкес жұмыстарды үнемі жалғастырудамыз. Барша органдармен актілерді тіркеудің электронды тәртібіне көштік. Оның арқасында бұл үдерісті айтарлықтай оңтайландырып, оны кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар үшін барынша ашық еттік. Биылдан бастап Комитетке заңнамалық түрде қадағалау мен бақылау органдарының тексерулерін үйлестіру бойынша өкілеттілігі берілді. Осы өкілеттілікті жүзеге асыру аясында біз қазіргі заманғы технологияларды енгізуді жалғастырып, Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімін әзірледік», -деді С. Айтпаева.
Осы орайда ол бұл жүйе тесерулер нысандары бойынша толық ақпаратты қамтитындығын атап өтті. Енді тексеріс субъектілері мен объектілерін, олардың тәуекел дәрежелерінің деңгейі, бұрын жүргізілген тексерістердің тарихы мен нәтижелері туралы мәліметті қамтиын бірыңғай ақпараттық жүйе болады. Тәуекел дәрежесін бағалау жүйелерімен жұмыс жасау үдерістерін автоматтандыру ТСОБТ-ның негізгі ісі болады.
«Сонымен қатар «Тексерулер картасын» құруда маңызды нәтиже болмақ. Онда жүргізілген тексерулер мен кәсіпкерлер жол берген заң бұзушылықтар туралы мәліметтер қамтылады. Бұл ақпараттар интернет-ресурста қолжетімді болады. Тұтынушылар үшін кәсіпкерлер жұмысын бағалаудың осындай қолжетімдігі қызмет пен жұмыс сапасын арттыруды ынталандырады»,-деді комитет басшысы.