Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,7 пайызға жоғары. Бұл жайлы Қазақстанның ұлттық телекоммуникациялар қауымдастығының президенті Асылбек Хайрушев бүгін Алматыда телеком аптасы аясында өтіп жатқан Kitel'12конференциясында айтты.
Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша 2011 жылы мобильді байланыс абоненттерінің саны 23 миллион 102 мыңды құрап, 100 адамға шаққанда тығыздығы 141,5 болды. Ал тіркелген байланыс абономенттерінің саны 4 миллион 237 мыңды құрап, тығыздығы 100 адамға шаққанда 25,9-ды құрады. Телекоммуникация желілерін цифрлау 2011 жылы 94,8 пайыз көлемінде болды. Интернет желісін қолданушылар саны 8 миллион 715 мың адам болып, 100 адамға шаққанда тығыздық 53,4-ті құрады. Ал кең жиекті интернетке қолжетімділік 6 миллион 775 мың немесе тығыздығы 100 тұрғынға бөлгенде 41,5 болды.
«Халыққа байланыс қызметін ұсынуды жүзеге асырудан түскен кірістің 54,2 пайызы - мобилді байланыс, 15,1 пайызы - интернет қызметі; 8,1 пайызы - халықаралық байланыс; 7,1 пайызы - жергілікті телефон байланысы және 11,1 пайызы өзге байланыс түрлерінде. Кең жиекті интернет желісіне қолжетімділік. Бұл Қазақстанда ақпараттық коммуникациялық технологиялар мене экономиканың шикізаттық емес секторында және оның ішінде шағын және орта бизнесте өсудің катализаторы ретінде қарастырылуда.», - дейді А.Хайрушев. Оның айтуынша, технолоргиялар бойынша кең жиекті интернет желісіне қолжетімділіктің абоненттер базасының құрылымында ADSL: 91,5 пайызды, FTTx: 7,3 пайызды, WiMAX - 1,0 пайызды, Satellite 0.3 пайызды құрайды. Ел аумағында ұялы байланысты3G стандарты Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарында енгізілді.